Қостанай облысында 13 мектеп жабылады

0
595

Оқушы саны көбейіп қалар деген үмітпен уақыт беріледі.


Қостанай облысында 13 мектеп жабылады

Тобыл өңірінде биыл 13 мектеп жабылмақшы. Өйткені оқушы жетіспейді. Кейбір ауылдағы білім ошақтарының есігіне қаңтар айында қара құлып салынған, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Өйткені онда жалғыз бала оқыған көрінеді. Шәкірт саны аз мектептер бірден жабылмайды дейді облыстық білім басқармасының мамандары. Оқушы саны көбейіп қалар деген үмітпен уақыт беріледі. Алайда ахуал оңалмаса, орта мектеп негізгіге, ал негізгілер бастауышқа көшіріледі.

Одан кейін де оқушы азайса, мекеме жабылып, қалған балалар өзге елдімекендердегі мектептерге ауыстырылады. Көрші ауылға қатынау үшін арнайы автобус бар. Егер елдімекен шалғай болса, оқушылар мектеп жанындағы интернаттарда жатып оқуына мүмкіндік бар. Қазір облыс бойынша жиырма мектеп интернаты бар.

"Жабылайын деп отырған 13 бастауыш мектепте 3-2 бала ғана қалайын деп отыр. Себебі бір мектепте Әулиекөл ауданындағы Целинный мектебін жабу жоспарда болмаған. Бірақ ауылдан халық кетейін деп отыр. 6 мектептің ішінде бір орта мектеп негізгі мектепке ауыстырылады.5 негізгі мектеп бастауыш мектепке көшейін деп отыр", - дейді Қостанай облысы білім басқармасының бөлім басшысы Қарлыға Исмурзина.