Қостанай облысында 2 мыңнан астам үй су астында қалуы мүмкін

0
713

Ұлытау (Ұлытау, Жаңаарқа аудандарының солтүстігінде) облысында да қардың қарқынды еруі тасқынға ұласады деп болжанып отыр.


Қостанай облысында 2 мыңнан астам үй су астында қалуы мүмкін

ERNUR.KZ. Қостанай облысында 90 елді мекенді су басу қаупі төніп тұр. Бұл – сегіз мыңнан астам адам тұратын 2049 үй, деп жазады ulysmedia.kz.

20-22 наурыз аралығында Қостанай облысында ауа температурасының көтерілетіні жайлы синоптиктер болжамына байланысты елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды еріген қар суы басуы ықтимал. Мамандар Қостанай облысының оңтүстігінде (Наурызым, Жангелді, Амангелді ауданы және Арқалық) қардың қарқынды еруі, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі және тасуы жергілікті тұрғындарды әбігерге салуы мүмкін деп алаңдаулы.

Ұлытау (Ұлытау, Жаңаарқа аудандарының солтүстігінде) облысында да қардың қарқынды еруі тасқынға ұласады деп болжанып отыр.

Еске салсақ, бұдан бұрын Ақтөбе облысында бірнеше ауданды су басқан.

Сондай-ақ, Оралда елуге жуық саяжай қызыл су астында қалды.

Бұдан бұрын "Қазгидромет" наурыз айында еліміздің он өңірін су басу қаупі жоғары екенін мәлім еткен.