1999 жылы туған Насиф Магеррамов былтыр 21 қыркүйекте жоғалып кеткен.
instagram/volontery_almaty_lider.kz
ERNUR.KZ. 2024 жылғы қыркүйекте Қостанай облысында жоғалып кеткен ер адам өлі табылды, деп жазады tengrinews.kz.
Таратылған бағдарға сәйкес, 1999 жылы туған Насиф Магеррамов былтыр 21 қыркүйекте жоғалып кеткен. Ол шамамен 17:00-де Майкөл ауылындағы үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері оның қайда екені белгісіз болған.
Сыртқы белгілері: бойы – шамамен 183 сантиметр. Киімі: көк джинсы шалбар, қара кофта, қара түсті кепка.