Аймақта 2,5 жыл ішінде 87 саябақ пен шағын бақтар абаттандырылып, 293 балалар мен спорт алаңдары орнатылған.
фото: Пресс-служба акима Алматы
ERNUR.KZ. "Таза Қазақстан" бастамасы аясында Қостанай облысында 300 мыңнан астам ағаш отырғызылды, деп жазады sputnik.kz.
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов 2,5 жыл ішінде 87 саябақ пен шағын бақтар абаттандырылып, 293 балалар мен спорт алаңдары орнатылғанын хабарлады.
"4 мың көшеге 48 мыңнан астам шам орнатылды. Көшені жарықтандыру деңгейі 2023 жылдан бастап 57%-дан 90%-ға дейін өсті, бұл елді мекендерді жайлы әрі қауіпсіз етті. Биыл жарықтандыру жұмыстары аяқталады", - деді облыс басшысы үкімет отырысында.
Әкімнің айтуынша, 191 көппәтерлі үй жөнделді: шатырлар, балкондар, қасбеттер жаңартылды, сәулеттік жарықтандыру орнатылды. Бұл қалалар мен ауылдардың заманауи, таза келбетін қалыптастырады.
Сонымен қатар Қостанай облысында көгалдандыруға ерекше көңіл бөлініп жатыр. 2,5 жыл ішінде 338 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызылды.