Қостанай облысында 5 баланың өлімі: қайғылы оқиға орнынан видео пайда болды

0
351

Балалардың анасы кешкісін құрбысына барғанын түсіндірді. Күйеуі түрмеде.


Қостанай облысында 5 баланың өлімі: қайғылы оқиға орнынан видео пайда болды

Сурет: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Қостанай облысының Жітіқара қаласында өрт пен үйдің шатырының опырылуы салдарынан қараусыз қалған бес бала қаза тапты. Сонымен қатар, қылмыстық істі тергеудің барысы Бас прокурордың бақылауына алынды, деп жазады zakon.kz.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі алдын ала мәлімет бойынша, балалардың анасы кешкісін құрбысына барғанын түсіндірді. Күйеуі түрмеде.

Қазір оқиғаның себептері анықталуда.

Желіде қайғылы оқиға орнынан түсірілген кадрлар да жарияланды.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды кішкентай балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмауға шақырады.

2024 жылдың қысында да осындай қайғылы оқиға болды: Қарқаралы ауданы Талды ауылындағы екі пәтерлі бір қабатты тұрғын үйдегі өрт салдарынан төрт бала қаза тапты.