Қостанай облысында ауыл тұрғындары эвакуацияланды

0
380

Бір күннің ішінде Қарасу ауданындағы Түнтігүр өзенінде судың деңгейі 23 сантиметрге көтерілді.


Қостанай облысында ауыл тұрғындары эвакуацияланды

ERNUR.KZ. Қостанай облысында Қарамырза ауылын су басты. Халықты қауіпсіз жерге көшіруге тура келді, деп жазады sputnik.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, бір күннің ішінде Қарасу ауданындағы Түнтігүр өзенінде судың деңгейі 23 сантиметрге көтерілді. Еріген қардың суы да көп. Содан 6-7 сағаттың ішінде Қарамырза ауылына су кірді.

"Түнде тұрғын үйлер мен аулаларды су басты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылар тұрғындарды су басу аймағынан алдын ала эвакуациялады. Өз еркімен көрші көшелерде тұратын 23 адам туыстарының үйлеріне орналастырылды", - дейді құтқарушылар.

Қазіргі кезде Қарамырза ауылында 35 үйді және 60 үй-жайды су басты. Түнтігүр өзенінің деңгейін және еріген қар суын бақылайтын 2 бекет қойылды.