Ер адам полицияға 21 наурызда 21 жастағы әйелі екі жасар баласын тастап, із-түссіз кеткенін хабарлаған.
ERNUR.KZ. Қостанай облысы Лаврентьевка ауылының 36 жастағы тұрғыны әйелін өлімші етіп сабап, құдыққа лақтырып жіберген, деп хабарлайды zakon.kz.
ТоболИнфо аймақтық басылымының хабарлауынша, ер адам полицияға 21 наурызда 21 жастағы әйелі екі жасар баласын тастап, із-түссіз кеткенін хабарлаған.
Полициямен бірге келіншекті іздеуге жұбайы да белсенді ат салысты.
Полицияда атап өткендей, Раушанның денесі Халықаралық әйелдер күні табылып, 9 наурызда жерленді.
Жоғалған келіншектің оқиғасына қатысты, ең бірінші кезекте күйеуіне күдік келтірілді, кейінірек белгілі болғандай, олар ажыраспақ болыпты, - деп түсіндірді полициядағылар.
Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындағаны белгілі болды. 36 жастағы күйеуі әйелін бөкебаймен тұншықтырып өлтірген, содан кейін оның денесін ауыл шетіне апарып, құдыққа тастаған. Ер адам өз анасына әйелінің заттарын жинап, кетіп қалғанын айтқан.
Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Екі жастағы бала қазір күдіктінің туыстарының қолында.