Қостанай облысында балабақша тәрбиешілері КВИ жұқтырды

0
691

Қазір мектепке дейінгі мекеме карантинге жабылды.


Қостанай облысында балабақша тәрбиешілері КВИ жұқтырды

ERNUR.KZ. Қостанай қаласында коронавирустық инфекция №69 балабақша педагогтарынан анықталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ақпаратты Қостанай облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі растады.


«Балабақша педагогтары COVID-19 вирусының симптомсыз тасымалдаушылары саналады. Қазір мектепке дейінгі мекеме карантинге жабылды. Ұлттық сараптама орталығы филиалының күшімен дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Педагогтармен жақын байланыста болғандар Қостанай қаласының емханаларында бақылауға алынады және тексеріледі», - делінген департамент хабарламасында.