Қостанай облысында балықтар жаппай қырылды

0
649

Мамандар балықтардың қырылу дерегін растады.


Қостанай облысында балықтар жаппай қырылды

ERNUR.KZ. Облыстағы Заречный елдімекеніндегі көлде балықтар қырылды, деп жазады inbusiness.kz.

Тобыл-Торғай облыстық бассейндік балық инспекциясының мамандары су сынамасын алды. Оның нәтижесі келесі аптада шығады деп күтілуде.

Балық шаруашылығы бөлімінің басшысы Жұлдыз Нұғманованың сөзінше, балықтардың қырылуына көлдің таяз болуы мен қатып қалуы себеп. Оның тереңдігі шамамен бір жарым метрді құрайды.

Жұлдыз Нұғманованың айтуынша, 577 келі мөңке балығы қырылған.