Қостанай облысында белгісіз ер адам әйелді бауыздап өлтірген

0
611

Марқұмның жанында күйеуі болған.


Қостанай облысында белгісіз ер адам әйелді бауыздап өлтірген

ERNUR.KZ. Құсмұрын ауылында жеке үйлердің бірінің ауласында мойны кесілген жаралы әйел табылды. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметі әйелдің көз жұмғанын анықтады, деп жазады inbusiness.kz.

Оқиға 20 шілде күні болған. Марқұмның жанында күйеуі болған. Ол жедел жәрдем қызметкерлеріне 40 минут бұрын әйелінің айғайын естіп, сыртқа шыққанын, оны осы күйде тапқанын айтыпты. Марқұмның күйеуі күдіктімен төбелесу кезінде басының артына және бетіне пышақ жарақатын алған.

"Құсмұрын ауылында әйелді өлтірді деген күдікпен полицейлер 29 жастағы ер адамды ұстады, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген Қостанай облысы полиция департаментінің хабарламасында.