Қостанай облысында білім саласының қызметкерлеріне тиісті өтемақы берілмеген

0
195

185 миллион теңгеден астам қаражат төленбеген 1,8 мыңнан астам педагог анықталды.


Қостанай облысында білім саласының қызметкерлеріне тиісті өтемақы берілмеген

фото: Региональная служба коммуникаций Алматинской области

ERNUR.KZ. Қостанай облысында білім саласының қызметкерлері 3,8 млн теңге тиісті өтемақы алмаған, деп жазады sputnik.kz.
Қызметкерлерге зейнеткерлік жасқа жеткенде берілетін кепілдендірілген өтемақы және іссапар шығындары төленбеген.
"Барлығы 350 қызметкер анықталды, оларға 38 миллион теңгеден астам өтемақы төленбеген. Сонымен қатар білім бөлімдері мемлекеттік тапсырыс шеңберінде біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтарға іссапар шығындарын төлемеген", - дейді ведомстводағылар.
Хабарламаға сәйкес, конституциялық құқықтары бұзылған және оларға 185 миллион теңгеден астам қаражат төленбеген 1,8 мыңға жуық педагог анықталды.
"Қадағалау актілері бойынша 60 миллион теңгеден астам сомаға төлем жүргізілген 405 мұғалімнің құқықтары қорғалды. Қалған қызметкерлерге төлемдер жақын арада төленеді", - дейді прокуратурадағылар.