Қостанай облысында бүтін бір отбасы жол апатынан қайтыс болды – полиция үндеу жасады

0
467

Қайғылы жол апаты 30 шілдеде болған.


Қостанай облысында бүтін бір отбасы жол апатынан қайтыс болды – полиция үндеу жасады

ERNUR.KZ. Қостанай облысында жол апатынан бір отбасының 4 мүшесі қайтыс болды, деп жазады sputnik.kz.

Қайғылы жол апаты 30 шілдеде болған.
"Қостанай-Введенка" автожолында кешкі уақытта 28 жастағы "Мерседес" автокөлігі қарсы бағытта келе жатқан ВАЗ - 2110 автокөлігімен соқтығысқан. Өйткені "Мерседес" көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмаған. Салдарынан ВАЗ - 2110 жүргізушісі мен үш жолаушы қайтыс болды. Оның екеуі кәмелетке толмаған балалар", - дейді ведомство.
Қазіргі күні ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Жалпы жыл басынан бері облыс жолдарында 41 адам жол апатынан қайтыс болды. Қостанай облысының полиция департаменті тұрғындарға жол ережесін қатаң сақтауды ескертеді!" - деп Қостанай полициясы үндеу жариялады.