Қостанай облысында екі бала иіс тиіп уланды

0
770

Оқиға Тобыл қаласында болды.


Қостанай облысында екі бала иіс тиіп уланды

ERNUR.KZ. 15 қазан күні Қостанай облыстық ауруханасына иіс тиген деген диагнозбен екі бала жеткізілді. Оқиға орнына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен жедел топ шықты, деп жазады inform.kz.

Оқиға Тобыл қаласында болды. 2016 жылы туған ұл бала мен 2021 жылы туған қыз бала үйлерінде иіс тиіп уланып қалған. Оқиға орнына жеткен жедел топ өкілдері онда ештеңенің жанбағанын пештің ақауы жоқ, дұрыс жұмыс істеп тұрғанын анықтайды.

«Балалардың ата-аналарының сөзінше, олар 2023 жылдың мамыр айынан бері ол үйде тұрмаған. 14-қазан күні ғана осы үйге келіп, түнде үй иесі пеш жаққан. Ер адам қонақ бөлмесіне жатып, балалар жатын бөлмеге ұйықтаған. Таң ата балалардың басы айналып, жүректері айни бастаған. Анасы жедел жәрдем шақыртып, балалар иіс тиген деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды»,-делінген Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Оқиғаның алдын ала себебі өрт қауіпсіздігі тәртібі бұзылған. Осы жәйт бойынша үй иесі әкімшілік жауапқа артылды.