Қостанай облысында екі күн бұрын жоғалған қыздың денесі табылды

0
572

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


Қостанай облысында екі күн бұрын жоғалған қыздың денесі табылды

ERNUR.KZ. Қостанай облысының Әулиекөл ауданында 26 шілдеде із-түзсіз жоғалып кеткен 16 жастағы қыздың мәйіті табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

DOS еріктілерінің іздестіру-құтқару тобы екі күн бойы марқұмды іздеді. Дарья Тиронина өлі күйінде табылды.

Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.