Қостанай облысында еріген қар суы жолды басып қалды

0
1 286

26 наурыз күні «Торғай - Шилі - Аралкөл» автожолы қозғалыс үшін жабылды.


Қостанай облысында еріген қар суы жолды басып қалды

ERNUR.KZ. Қостанай облысында «Торғай - Шилі - Аралкөл» тасжолының учаскесін еріген қар суы басып қалды, деп жазады ҚазАқпарат.

«26 наурыз күні «Торғай - Шилі - Аралкөл» автожолы қозғалыс үшін жабылды. Жолдың 108-шақырымын еріген қар су басып қалды. Елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ», - деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Аталған жерде полиция бөлімінің қызметкерлері, бір техника мен бір құтқарушы кезекшілік етуде.