Форма-1 анықтамасы мал мен ет өнімдерін тасымалдауға арналған.
фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков
ERNUR.KZ. Қостанай облысы Әулиекөл ауданында ерлі-зайыпты ветеринариялық анықтамаларды қолдан жасаған, деп жазады sputnik.kz.
"Олар 2024 жылғы желтоқсан мен биыл тамыз аралығында өз үйінде түрлі-түсті принтер арқылы Форма-1 ветеринариялық анықтамаларды қолдан жасаған", - дейді ведомство.
Бұл анықтама мал мен ет өнімдерін тасымалдауға арналған.
Қылмыстық кодексінің 385-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Іс Әулиекөл аудандық сотына жолданды.


