Оқиға 13 шілдеде кешке тұрғын үйдің ауласында болды.
фото: департамент полиции Северо-Казахстанской области
ERNUR.KZ. Қостанай облысы Рудный қаласында жасөспірімді пышақтап тастады, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға 13 шілдеде кешке тұрғын үйдің ауласында болды. Қыз анасымен бірге әжесінің үйіне барған. Желіде тараған ақпарат бойынша, қарт әйел ішімдікке құмар болған. Әжелерін іздеп келгендерге бөтен әйел есік ашқан. Өзара жанжал болады. Салдарынан 15 жастағы қыз пышақ жарақатын алады.
Бала ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген.
"Ауыр жарақат алған кәмелетке толмаған науқас шұғыл түрде түсті. Науқасқа барлық қажетті медициналық көмек уақтылы көрсетілді. 15 шілдеде санитарлық авиациямен Қостанай облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды", - дейді Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты, дейді дәрігерлер.
Полиция қылмыстық іс қозғады.
"Рудный қаласында кәмелетке толмағанның денесіне зақым келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру кезінде 51 жастағы жергілікті тұрғын анықталды. Сарапта жасалып, тергеу жүріп жатыр", - дейді облыстық полиция департаменті.
Жасөспірімге ота жасалды, қазір ауруханада жатыр.