Қостанай облысында интернаттан қашып кеткен жасөспірім іздестіріліп жатыр

0
554

Полицияның барлық құрамы жұмылдырылған, іздеуге еріктілер қосылған.


Қостанай облысында интернаттан қашып кеткен жасөспірім іздестіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Қостанай облысында полиция 15 жасар жасөспірімді іздестіріп жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қостанай облысының ПД облыста 16 сәуірде Боровской мектеп-интернатынан кеткен 15 жастағы жасөспірім Рустам Ташмағамбетовты іздестіру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Кәмелетке толмаған бала Әулиекөл ауданының тумасы.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері облыс орталығында және аудандарда іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Полицияның барлық құрамы жұмылдырылған, іздеуге еріктілер қосылған.

«Жасөспірімнің орналасқан жері туралы ақпараты бар кез келген адамға 102 телефоны арқылы хабарлауды сұраймыз», - деді полициядан.