Қайғылы оқиға Аманқарағай ауылында болды.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылында жергілікті тұрғындар екі адамның мәйітін тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Қылмыс туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Мәйіттерді кәмелетке толмаған қыз бала тауып, ауыл тұрғындарының біріне айтқан. Ол полицияға хабар берген. Қаза тапқандар қыздың анасы мен ағасы болып шықты.
«Ауыр қылмыс фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары, сондай-ақ болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттігімізге берген түсініктемесінде.