​ Қостанай облысында мектеп директорының балаларды балағаттаған видеосы тарады

0
297

Оқушының айтуынша, директор оны шашын қиюға мәжбүрлеген.


​ Қостанай облысында мектеп директорының балаларды балағаттаған видеосы тарады

Фото: Артем Гетман

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Қостанай облысында мектеп директорының балаларды балағаттағап жатқан видеосы тарады, деп жазады inbusiness.kz.

Оқушының айтуынша, оны шашын қиюға мәжбүрлеген.

"Бізді директорға апарды. Дәлірек айтқанда, менің досымды және мені. Түсініктіме әкелмегеніміз үшін. Ол шашым үшін маған айқайлап, мені "ақымақ" деп атады, балалар үйі мен психиатриялық аурухананы айтып қорқытты. Менің шашым соншалықты ұзын емес еді, әрі кетсе 3-4 см, бірақ бұйра, сондықтан солай көрінеді", - дейді оқушы.

Қостанай аудандық прокуратурасы бұл факті бойынша тексеру жүргізіп жатыр.