Қостанай облысында оқушы өз-өзіне қол жұмсады

0
451

Бойжеткен 22 мамырда ҰБТ сынағына баруы керек болған, бірақ себебін айтпастан тестке барудан бас тартыпты.


Қостанай облысында оқушы өз-өзіне қол жұмсады

ERNUR.KZ. 22 мамырда Қостанай облысының Обаған ауылында жалпы білім беретін мектептің он бірінші сынып оқушысы асылып қалды. Облыстық полиция тергеу амалдары басталғанын мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

"ТоболИнфо" басылымының жазуынша, қыздың денесін әкесі тауып алған.

Ол қала мен ауыл арасында жолаушы тасымалдаумен айналысатынын айтқан. Сол күні қаладан келіп, үйді айналып шыққанда терезеден қызының асылып тұрғанын көрген.

Әкесі оның бірнеше күн бойы олармен тамақ ішпегенін, тұйықталып жүргенін де айтқан.

Бойжеткен 22 мамырда ҰБТ сынағына баруы керек болған, бірақ себебін айтпастан тестке барудан бас тартыпты.

Білім басқармасы мектептің 11-сыныбында төрт-ақ оқушы бар екенін мәлімдеді. Өзара жанжал байқалмаған.

"Біз әзірге ештеңеге түсініктеме бере алмаймыз, себебі тергеу амалдары жүріп жатыр, оның ішінде оның телефондағы және басқа да әлеуметтік желілердегі хат-хабарлары тексеріліп жатыр", - дейді Ұзынкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Қайрат Әлиев.