Қостанай облысында оқушыларды жарысқа апара жатқан ГАЗель өртеніп кетті

0
566

Жарысқа төрт ГАЗель көлігімен жүзге жуық бала кетіп бара жатқан.


Қостанай облысында оқушыларды жарысқа апара жатқан ГАЗель өртеніп кетті

ERNUR.KZ. Қостанай облысындағы тасжолда мектеп оқушыларын жарысқа апара жатқан ГАЗель көлігі өртеніп кетті, деп жазады tengrinews.kz.

Төтенше жағдай облыстық маңызы бар Арқалық – Торғай тасжолында, Арқалық қаласынан 60 шақырым жерде болған. Жарысқа төрт ГАЗель көлігімен жүзге жуық бала кетіп бара жатқан, олардың біреуі өртеніп кеткен.

Облыстық білім басқармасы мәліметінше, 66 мектеп оқушысы мен 6 мұғалім мінген көліктерге ІІБ көлігі еріп жүрген. Өртке оранған ГАЗель көлігінде 14 бала мен мұғалім болған.

Төтенше жағдайлар департаменті балаларды өртеніп жатқан көліктен жылдам шығарып алған жүргізуші мен мұғалімдердің келісілген әрекетін атап өтті. Олар қалған үш көлікке ауыстырылды.

"Балалардың өмірі мен денсаулығына ешнәрсе қауіп төндірмейді. Оқиға орнына Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамның 7 адамы мен 2 техникасы мен құралдары келді", - деп хабарлады Қостанай облысы ТЖД.

Өрттің шығуына не себеп болғаны әзірге белгісіз, бірақ құтқарушылар көлік иелеріне көліктерге арналған өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды және қозғалыс алдында көліктің техникалық жағдайын тексеруді қатаң түрде ұсынады.