Бір бейнекамера 20 шақырым аумақты қамтиды. Бақылау құрылғылары диспетчерлік пунктпен тікелей байланыста.
ERNUR.KZ. Трактор, өрт сөндіру көліктері сатып алынып, материалдық-техникалық базасы жаңартылып жатыр, деп жазады Zakon.kz.
Одан бөлек, орман алқабын күні-түні бақылайтын бейнекамералар орнатылған. Орман айналасындағы биік мұнаралардың басына 38 бейнебақылау құралы қойылды. Оларды сатып алуға 160 миллион тенге жұмсалды, деп жазады "Хабар 24" арнасы.
Бір бейнекамера 20 шақырым аумақты қамтиды. Бақылау құрылғылары диспетчерлік пунктпен тікелей байланыста.
Егер қандай бір жалын, түтін байқалса, орталықтағы компьютерде қызыл белгі пайда болады. Әзірге камералар сынақ режимінде жұмыс істеп тұр.
"5-6 шақырымнан кейін ауылдан өткеннен кейін ұялы байланыс ұстамайды. Сол себептен арасында интернет көтермейді, тарта алмайды, әлсіз. Нақты дұрыстап көрсетпейді видео. Өрт бақылау мұнарасы дейді ғой, сондай жоқ қаланың маңайында. Сол себепті камералар Beeline мұнарасына орнатылған. Негізінен периметр бойынша қала маңайына қойса, кемінде төрт-бесеу жақсы болар еді."Болатбек Табылдин, Орманды күзету және қорғау жөніндегі бас инженер