Қостанай облысында өрттен 86 жастағы ер адам қаза тапты

0
556

Өрт қаупі бар елді мекендерден 1800-ден аса адам эвакуацияланды.


Қостанай облысында өрттен 86 жастағы ер адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Қостанай облысында өрттен 86 жастағы ер адам қаза тапты, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл туралы ТЖ министрі Юрий Ильин мәлімдеді.

"Бұған дейін хабарланғандай, 24.00-ге дейін зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпарат болған жоқ. Бүгін таңертең Аманқарағай елді мекеніндегі үйінділерді қарау барысында адам денесі табылды. Ол - 1936 жылы туған мүгедектігі бар ер адам. Жедел іс-шаралар барысында учаскелік инспекторлар оған хабарлағаны, бірақ ол эвакуация шараларынан бас тартқаны анықталды. Дегенмен адам өліміне қатысты тергеу шаралары жүргізіледі", - деді министр.
Сондай-ақ, ол өрт қаупі бар елді мекендерден 1800-ден аса адам эвакуацияланғанын айтты. Өрттің жалпы ауданы 43 мың гектардан асады.