Қостанай облысында өрттен ана мен бала қаза тапты

0
477

Ана мен баланың мәйіттері өрт сөндіру кезінде табылды.


Қостанай облысында өрттен ана мен бала қаза тапты

ERNUR.KZ. Қостанай облысы Құсмұрын кентіндегі жеке үйлердің бірінде 34 жастағы әйел алты жасар ұлымен бірге өрттің құрбаны болды, деп жазады inbusiness.kz.

"Сағат 09:17-де өрт сөндірушілер оқиға орнына келді. Құтқарушылар 15 шаршы метрді құрайтын қонақ бөлмедегі жиһаздың барлығы жанып кеткенін анықтады. Үйден газ баллоны шығарылды. Өрт салдарынан 34 жастағы әйел мен оның алты жасар ұлы қаза тапты", - деп хабарлады ТЖД.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Қазіргі уақытта өрт орнында өрт зертханасының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Бұл факті бойынша полицейлер мәйіттердің табылуы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын ғана хабарлады.