Өрт ауыл күні мерекесін тойлау кезінде болған.
ERNUR.KZ. Қостанай облысының Қарабалық ауылында отшашу салдарынан мәдениет үйі өртенді. Оқиғаның суреттері Айна басылымының "ВКонтакте" желісіндегі паблигінде жарияланды, деп жазады tengrinews.kz.
Өрт 12 қазанда Қарабалық ауданының орталығында ауыл күні мерекесін тойлау кезінде болған. Өрт салдарын жоюға өрт сөндіруші мамандары жұмылдырылған.
Әзірге нақты бір мәлімет жоқ. Ауыл тұрғындары осы оқиғаны әлеуметтік желіде қызу талқылап, таяуда ғана жөндеуден өткен ғимарат зардап шеккенін айтып, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпегенін жазып жатыр.