Қостанай облысында өзенге батып кеткен баланың денесі табылмай жатыр

0
280

Іздестіру жұмыстарына құтқарушылар мен еріктілер тартылып, қайықтар мен дрондар да пайдаланылуда.


Қостанай облысында өзенге батып кеткен баланың денесі табылмай жатыр

ERNUR.KZ. Қостанай облысы ТЖД қызметкерлері осымен екінші тәулік су ағызып әкеткен баланың денесін таппай жатыр, деп жазылды zakon.kz.

Өңірлік ТЖД мәліметінше, 18 тамызда Козыревка елдімекенінде ер адам мен сегіз жасар бала Тобыл өзені бойындағы жардан өтіп бара жатқан. Кенеттен екеуі де өзенге құлайды. Ер адам судан өз бетімен шыққан, ал баланы су ағыны алып кеткен.

ТЖД мәліметінше, іздестіру жұмыстарына құтқарушылар мен еріктілер тартылып, қайықтар мен дрондар да пайдаланылуда.

"19 тамыз, сағат 21-09, бала әлі табылған жоқ", делінген төтеншеліктердің соңғы хабарламасында.