Қостанай облысында өзеннен ер адамның денесі табылды

0
468

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.


Қостанай облысында өзеннен ер адамның денесі табылды

ERNUR.KZ. Қостанай облысында өзеннен ер адамның денесі табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға Бейімбет Майлин атындағы ауданда болған.

Козырьковка ауылынан Тобыл өзеніне балық аулауға кеткен жергілікті тұрғынның жоғалып кеткені туралы хабар түскен. Құтқарушылар мен полицейлер іздеу жұмыстарын бастады.

«Тобыл өзенінде 2,5 метр тереңдікте, жағалаудан 5 метр қашықта балық аулау кезінде суға батып кеткен 1964 жылы туған ер адамның мәйіті табылып, судан шығарылды. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді», — деді облыстық ТЖД дағдарыстық жағдайларды басққару бөлімінің бастығы Бақыт Оразов.