Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп, екі газ баллоны жарылды

0
570

Үйде 60 жастағы ер адам тұрған.


Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп, екі газ баллоны жарылды

ERNUR.KZ. Қостанай облысында жеке тұрғын үйден өрт шығып, екі газ баллоны жарылды. Оқиға Әулиекөл ауданынан 25 шақырым жердегі Черниговка ауылының маңында болған, деп жазады 24.kz.

Өрт туралы ақпарат 11 тамыз күні сағат 00:54-те түскен. Өрт сөндірушілер келген кезде ағаштан жасалған үй өртеніп жатқан.

«Бір сағаттан кейін 7 адам мен 2 арнайы көліктен тұратын өрт сөндіру тобы өртті ауыздықтады. Өрт 03:16-да толықтай сөндірілді. Үйде 60 жастағы ер адам тұрған. Оның айтуынша, түнде бөлмелердің бірінде электр сымдары өртенген. Одан соң өрт тез тарап кеткен», - деді ТЖД баспасөз қызметі.

Ер адам құжаттарын алып, үйден шығып үлгерген.