Оқиға құбырды төсеу кезінде болған.
ERNUR.KZ. Қостанай облысында топырақ опырылып құлап, жасөспірім көз жұмды, деп жазады Stan.kz.
Полиция департаменті жазатайым оқиғаның алдын ала себебін атады.
Қайғылы оқиға 30 қыркүйек күні Қостанай облысының Алтын-дала ауылында болды. 16 жастағы жас қызметкер үстіне топырақ құлаған. Оқиға құбырды төсеу кезінде болған. Істі "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бабы бойынша тергеу басталды.
"36 жастағы экскаватор жүргізушісі жұмысшыны құтқаруға тырысқанда, абайсыз әрекеттерге жол берді, нәтижесінде кәмелетке толмаған адам қайтыс болды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір бұл оқиға "абайсыздағы өлім" деп танылды.