Ұмытшақтық дертіне шалдыққан қария бұрын да бірнеше рет үйінен шығып, адасып кеткен.
Фото: Видеодан скриншот
ERNUR.KZ. "112" қызметінің кезекші пультіне Боровское ауылының тұрғыны жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен, деп жазады inbusiness.kz.
11 қарашада шамамен сағат 12:00-де үйінен шыққан ер адам қайта оралмаған. Қолында мобильді телефоны болмаған.
Іздестіру жұмыстарына ТЖМ-нің 7 қызметкері, 2 техника және бір ұшқышсыз ұшу аппараты, сондай-ақ 4 қызметтік автокөлігі бар 15 полиция мен 10 ерікті жұмылдырылды.
Бірлескен жұмыстың арқасында зейнеткер Мормышное көлі маңындағы қамыстардың арасынан табылды. Ер адам дереу "103" қызметінің медицина мамандарына тексеріс үшін тапсырылды.


