Қостанай облысында жол апатынан 4 адам қаза болды, оның екеуі бала

0
284

38 жастағы Lexus жүргізушісі басып озу кезінде рөлге ие бола алмай екінші көлікпен соқтығысқан.


Қостанай облысында жол апатынан 4 адам қаза болды, оның екеуі бала

ERNUR.KZ. Қостанай облысында төрт адам қаза тапқан ЖКО фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп жазады baq.kz.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 қыркүйек күні кешке "Торғай-Арқалық" автожолының 17 шақырымында Жангелдин ауданына қарасты Торғай ауылының маңында Lexus және ГАЗель автокөліктері соқтығысқан. Екі көлік те Арқалық қаласына қарай жүріп бара жатқан.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 38 жастағы Lexus жүргізушісі басып озу кезінде рөлге ие бола алмай екінші көлікпен соқтығысқан.

Оқиға салдарынан Lexus көлігінің жүргізушісі және екі жолаушысы, оның ішінде екі бала алған жарақаттарынан қаза болған. Сол көліктен тағы бір жолаушы ауруханада көз жұмды.

Осы факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жергілікті жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.