Қостанай облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

0
204

Түрлі жарақат алған тағы үш адам ауруханаға жеткізілді.


Қостанай облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Фото: Алау

ERNUR.KZ. Оқыс оқиға 16 желтоқсан күні болған. Полиция аталған іс бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, 16 желтоқсанда күндіз "Қостанай-Әулиекөл-Сурган" автожолында, Қарасу ауданына қарасты Геркено ауылынан 10 шақырым жерде ірі жол апаты болды. Volvo және Toyota Alphard автокөліктері соғысқан.

Полиция Қылмыстық кодектің 345-бабы (абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) негізінде тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.