ERNUR.KZ. Қостанай облысы Рудный қаласында жұмысшы кәріз құдығында түсіп қайтыс болды, деп жазады sputnik.kz.
Қайғылы жағдай 30 тамызда Рудныйдағы Транспортная көшесінде болған. Құтқарушылар ер адамның денесін тазарту жұмыстарын жүргізген кәріз құдығынан шығарған.
Аймақтың ТЖД мәліметінше, 31 жастағы ер адамның қайтыс болғанын жедел медициналық жәрдем бригадасының дәрігерлері айтқан. Ер адамның қалай қайтыс болғаны анықталып жатыр.