Қостанай облысында жұмысшыны топырақ басып қалды

0
107

Рудный қаласында апатты қалпына келтіру жұмыстары барысында топырақ опырылып, екі жұмысшы зардап шекті.


Қостанай облысында жұмысшыны топырақ басып қалды

Фото: medicalbed.kz

ERNUR.KZ. Қостанай облысында магистральді су құбырын жөндеу кезінде төтенше жағдай тіркелді, деп жазады inbusiness.kz.

Олардың бірі Рудный қалалық ауруханасында алған жарақатынан көз жұмды.

Облыстық полиция департаменті еңбек қауіпсіздігі ережесін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір тиісті сараптамалар жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу аяқталған соң процессуалдық шешім қабылданады.