Жануар баланың аяғынан ұстап, бірнеше рет тістеп алған.
ERNUR.KZ. Қостанай облысындағы демалыс базасында 5 жасар қызды аю тістеп алды, деп жазады Stan.kz.
5 қыркүйекте бес жасар қызын ерткен ата-ана Қостанайдағы демалыс базасына базасына барады. Бұдан соң анасы мен қызы демалыс базасынан тордағы аюды көріп, тамақтандыруға шешім қабылдайды. Алдымен аю тыныш әрекет етіп, ештеңе істемейді.
Кейінірек кішкентай қыз өздігінен торға жақындаған. Осы кезде жануар баланың аяғынан ұстап, бірнеше рет тістеп алған. Баланың жанұшыра айқайлағанын естіген ата-анасы жүгіріп келіп, оны аюдың аузынан құтқарып қалады.
Аю қыздың сирағын тістеп алған. Дереу облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Бұл фактіні полиция растады және Қостанай ауданының полиция бөлімі қылмыстық кодекстің 114-бабы "денсаулыққа абайсызда зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады.
Баптың санкциясы 80 АЕК-ке дейін айыппұл салуды не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын, не 20 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуды көздейді. Полицияның мәліметінше, алғашқы тергеу амалдары жүргізілген.