Қостанай облысындағы диірменде төрт жұмысшы қаза тапты

0
261

5 метр тереңдіктегі бункерді тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде 4 адам төмен түсіп, шықпай қалған.


Қостанай облысындағы диірменде төрт жұмысшы қаза тапты

Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде диірмен қызметкерлерінің қазасы туралы ақпарат тарады. Төрт адамның биіктіктен құлағаны хабарланды, деп жазады inform.kz.

Қайғылы оқиға 6 қазанда болған. 112 пультіне Қостанай облысының Рудный қаласында 5 метр тереңдіктегі бункерді тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде 4 адам төмен түсіп, су бетіне шықпай жатқаны туралы хабарлама түсті.

— Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі, полиция және жедел медициналық жәрдем қызметі келді. Құтқарушылар жұмысшылардың денелерін бункерден шығарды. Жедел жәрдем қызметкерлері қайтыс болғанын растады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлады Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

Бұл фактіні прокуратура растап, полиция тергеу жүргізіп жатқанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақмыс» компаниясына тиесілі «Саяқ-3» шахтасында көміртегі газы шығып, нәтижесінде шахтаның екі қызметкері қаза тапты.