Қостанайда Басаман орман шаруашылығының бұрынғы басшысы Асғат Жақашев ісінің үкімі шықты.
ERNUR.KZ. 2022 жылы Қостанай облысында шыққан орман өртіне қатысты айыпталған орман шаруашылығының бұрынғы директорына қатысты іс бойынша сот шешім шығарды, деп жазады tengrinews.kz.
Қостанайда Басаман орман шаруашылығының бұрынғы басшысы Асғат Жақашев ісінің үкімі шықты. Экс-директор ауыр зардапқа әкелген лауазымдық өкілетін теріс пайдалану бабы бойынша сотталған еді. Сотталушы Әулиекөл ауданында 40 мың гектардан аса орман мен ауыл тұрғындарының үйлері өртеніп кеткен ірі орман өртіне қатысты өз кінәсін жоққа шығарды. Прокурор Жақашевті 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сот Басаман орман шаруашылығының бұрынғы басшысы Асғат Жақашевке "Немқұрайдылық" 371-баптың 2-бөлімі бойынша 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеуді тағайындап, қамаудан босаттты.
"Асғат Жақашев ҚР ҚК-ның 371-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған пробациялық бақылау белгіленіп, мемлекеттік қызметке үш жыл мерзімге лауазым атқаруға тыйым салынып, 4 жыл бас бостандығын шектеу тағайындалсын", - деп қаулы етті сот ісі.
Сотталған Асғат Жақашев сот залында қамаудан босатылып, шыққаннан кейін туыстары мен жақындарымен кездесті.
2022 жылдың күзінде Қостанай облысында бірнеше табиғи өрт шықты. Өрт бірнеше ауылдағы 108 ғимаратты зақымдады. 1800-ден аса адам эвакуацияланып, 10 адам жарақат, күйік алып, уланды. 1935 жылы туған ер адам қаза болды. Өңірде жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі жарияланып, ТЖМ өрттің табиғи емес екенін анықтады. Зардап шеккен тұрғындарға қысқа мерзімде жаңа үйлер салынып, берілді.
Бұған дейін 2022 жылдың 2 қыркүйегінде бригадалардың бірінің тракторшысы МТЗ-82-ге ұшқын сөндіргішсіз мініп, салдарынан өрт шыққан еді. Кейінірек тракторшы Александр Репейко сотталды. Қостанай облысының Әулиекөл аудандық соты 44 жастағы ер адамды іс бойынша кінәлі деп таныды. Оны шартты түрде 2 жылға бас бостандығынан айырып, жаза мерзіміне пробациялық бақылау белгіленді.