Қостанай облысындағы өртке Қарулы Күштер жұмылдырылды

0
805

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі өкілі айтты.


Қостанай облысындағы өртке Қарулы Күштер жұмылдырылды

ERNUR.KZ. Қарулы Күштер Қостанай облысындағы өртті сөндіруге жұмылдырылды, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі өкілі айтты.

"Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың нұсқауы бойынша Қарулы Күштердің құрамалары мен бөлімдерінің бөлімшелері Қостанай облысындағы өртті оқшаулау жөніндегі іс-шараларға тартылды. Өрт болған жерлерге елордалық әскери-көлік авиациясынан 121-ден аса десантшы, сондай-ақ, халықты эвакуациялауға көмек көрсететін жергілікті бригаданың тұрақты құрамынан 45 әскери қызметші келді", - делінген хабарламада.
Қостанай облысына "Шығыс" өңірлік қолбасшылығынан 25 арнайы техника мен 50 әскери қызметші жіберілген. Ал "Астана" өңірлік қолбасшылығынан шамамен 10 арнайы техника жіберілген.