Қостанай облысындағы жер сілкінісі: ТЖМ мәлімдеме жасады

0
690

Белозерка ауылы белгісіз дүмпулердің эпицентрі болып саналады.


Қостанай облысындағы жер сілкінісі: ТЖМ мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. ҚР ТЖМ 27 шілдеде Қостанай облысында болған жер сілкінісі туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Министрлік Ядролық физика институтының ақпаратына сәйкес, Қостанай ауданында орналасқан Белозерка ауылы белгісіз дүмпулердің эпицентрі болып саналатынын хабарлады.

«Мән-жайларды анықтау барысында өңірдің ТЖ басқармасының қызметкерлері ауылға мән-жайларды анықтау үшін арнайы топ жіберді. Ауылда белгісіз сипаттағы дүмпулер тіркелмегені анықталды», - деп хабарлады Қостанай облысы ТЖ басқармасы.

Сондай-ақ, ҚР ТЖМ елдімекен тұрғындарына сауалнама жүргізу кезінде олар дүмпулерді сезінбегенін атап өтті. Зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, осыған дейін жер сілкінісі тіркелгені хабарланған болатын.