Қостанайда жол жүру ақысы 2017 жылдан бері көтерілген жоқ.
ERNUR.KZ. Қостанайда жаңа жылдан бастап автобустарда жол жүру ақысы 20 теңгеге қымбаттайды, деп жазады zakon.kz.
Банк аударымы бойынша жол жүру енді 100 теңге, қолма-қол ақша 170 теңге тұрады. Тарифті көтеру туралы шешімді Әділет министрлігі тіркеді, деп хабарлайды Alau.kz.
Қала маңындағы бағыттарда жол жүру құны да өседі. Сонымен қатар, оларда сараланған тариф жұмыс істей бастайды.
«Қала маңындағы автобустарда төлем келесідей жүргізіледі: банктік аударым арқылы – белгіленген 80 теңгеге 1 шақырымға 5 теңге қосылуы керек. Тобылға дейін екі шақырым, жалпы сомасы 90 теңге. Төлем қолма-қол жасалса, 1 км 10 теңге тұрады. Алынған сомаға 150 теңгені және қалаған елді мекенге жол жүру құнын қосу керек:Тобылға – 170 теңге, Заречныйға – 190 теңге. Дәл осындай схема барлық қала маңындағы маршруттарға қатысты болады", - деп хабарлады Қостанай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі.
Қостанайда жол жүру ақысы 2017 жылдан бері көтерілген жоқ.