Әуе кемесінде төрт адам болған: екі ұшқыш және екі дәрігер.
Фото: ТЖМ/ видеодан скрин
ERNUR.KZ. Бүгін қатты боран кезінде Арқалық қаласынан 1,5 км қашықтықта, әуежай маңында, Қостанай – Арқалық бағытындағы АН-2 санитарлық авиация ұшағы апатты жағдайда қонуға мәжбүр болған, деп жазады inform.kz.
ТЖМ мәліметінше, әуе кемесінде төрт адам болған: екі ұшқыш және екі дәрігер. Оқиға туралы хабар түскеннен кейін Костанай облысының ТЖД өрт сөндірушілері жедел түрде оқиға орнына жіберілген.
Облыстық ТЖД мен Арқалық қаласында жедел штабтар құрылып, жедел желі жүйесі жұмыс істейді.
Құтқарушылардың жылдам әрекеттерінің арқасында ұшақтағы адамдар аман-есен табылып, Арқалық қаласына жеткізілді. Жарақат алғандар мен қаза тапқандар жоқ. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.
Еске салсақ, кеше Ақтау маңындағы ұшақ апаты бойынша тергеудің есебі жарияланған болатын.