Қостанайда белгісіз біреулер итті тірідей көміп тастаған

0
735

​Қостанайда жануарларды қорғаушылар тірідей жерге көмілген итті аман алып қалуға тырысып жатыр.


Қостанайда белгісіз біреулер итті тірідей көміп тастаған

ERNUR.KZ. Қостанайлық жануарларды қорғаушылар белгісіз біреулер тірідей көміп тастаған иттің өмірін сақтап қалу үшін бар күшін салып жатыр. Ветеринарлар нақты болжам айтпағанмен, қолдан келгеннің бәрін жасауға уәде берді, деп жазады sputnik.kz.

Қостанайлық жануарларды қорғаушылар әлеуметтік желіде белгісіз адамдардың тағы бір қатыгез әрекеті туралы жазды.
"Бүгін таңертең екінші Қостанайдан жерге тірідей көмілген ит табылды. Бойжеткен дыбыс шыққан жаққа қарай жүріп, жерді қазып, итті шығарып алды. Ит әрең тыныстап жатыр, бірақ үміт бар. Қазір ол ветеринарлық клиникаға жеткізілді", - деп жазды жануарларды қорғаушылар.
Олар иттің жағдайы ауыр екенін, бірақ оны аман алып қалуға үміт бар екенін айтты.
"Төбеттің жағдайы тұрақтанған соң, оған күтім көрсетіп, үй табу үшін біздегі оңалту орталығына алып келеміз", - деді волонтерлер.
Әлеуметтік желідегі постқа ондаған жанашыр жан қолдау көрсетіп, қатыгездікке наразылық білдірді және олар жануарларды қорғаушыларға көмек ұсынды.
Алайда жануарларды қорғаушылар осы фактіге қатысты полицияға шағымдана ма, жоқ па, ол жағын нақтыламады.