Қостанайда бұралқы иттер жаппай қырылуда

0
207

Олар жануарлардың мүлдем агрессивті емес екенін және қоғамға қауіп төндірмейтінін айтты.


Қостанайда бұралқы иттер жаппай қырылуда

Сурет: Instagram/hope_kst

ERNUR.KZ. Еріктілер Қостанай көшелерінде азаптана өліп жатқан иттерді жиі кездестіріп жатқандарын мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Олар жануарлардың мүлдем агрессивті емес екенін және қоғамға қауіп төндірмейтінін айтты.

"Өкінішке орай, зарарсыздандырылған, вакцинацияланған, таңбаланған яғни заңмен қорғалған иттерді улау фактілері жиі кездесіп жатыр. Улану белгілері біздің қорғау пунктіміздегі белгілермен бірдей. Осылайша иттер бір-бір жарым сағаттың ішінде азапта өледі", дейді Ерікті Анастасия Серікова.

Жергілікті полиция төрт аяқты тіршілік иелерінің өліміне байланысты тексерісті бастады.

"Барлық куәгерлер, мән-жайлар белгіленеді, бейнебақылау камералары қаралады, болған оқиғаның жай-жапсары анықталады",- деді Қостанай облысы ПД баспасөз хатшысы Карина Базарбаева.