Қостанайда далаға шығуға ерінген ер адам құтқарушыларды әбігерге салды

0
106

Құтқарушылар түтін басқан пәтерден ер адамды алып шықты.


Қостанайда далаға шығуға ерінген ер адам құтқарушыларды әбігерге салды

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Қостанайда төсекте жатып темекі шеккен ер адам өртеніп кете жаздады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Төсекте темекі шеккен

«Қостанай қаласының Маяковский көшесінде тұрғын үйдегі пәтерден өрт шықты. Матрас пен жастық жанған. Бұған төсекке жатып шылым шегу себеп болған», - деп жазылған хабарламада.

Құтқарушылар тез арада түтін басқан пәтерге кіріп, 1988 жылы туған ер адамды эвакуациялады.

Өрт қысқа мерзімде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ ескерту жасады:

  • алкогольдік мас күйінде шылым шекпеңіз;
  • төсекте шылым шекпеңіз;
  • сөндірілмеген темекіні қалдырмаңыз.