Осы оқиғаға қатысты ресми мәлімдемені облыстық прокуратура таратты.
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform
ERNUR.KZ. Қостанай облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды. Бұған дейін оны полиция қызметкерлері ұстаған, деп жазады kaz.inform.kz.
Еске салсақ, Қостанай облыстық ауруханасының жедел жәрдем қабылдау бөлімінде науқас хирургке шабуыл жасағаны анықталды.
Қостанай облысының прокуратурасы күдіктіге қатысты процестік мәжбүрлеу шаралары қабылданғанын хабарлады. Ол ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы бойынша ұсталды.
Кейіннен зардап шеккен дәрігердің аты-жөні белгілі болды.
Кеше Қостанай ауруханасының жас хирургі Астанаға жеткізілді.
Бұл оқиғадан кейін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қостанай және Қарағанды қалаларында дәрігерлерге қатысты сұмдық оқиғалардан кейін қазақстандықтарға үндеу жолдады. Оның сөзінше, медицина қызметкерлеріне қарсы зорлық-зомбылықтың жиілеп кетуіне байланысты Ішкі істер министрімен бірлесіп, шұғыл түрде ургенттік стационарлардың, балалар және перинаталдық орталықтардың қабылдау бөлімдерінде тәулік бойы күзет посттарын күшейту туралы шешім қабылданды.