Қостанайда демалыс базасында газ баллоны жарылды

0
806

Оқиға салдарынан бір адам зардап шекті.


Қостанайда демалыс базасында газ баллоны жарылды

ERNUR.KZ. Қостанайда «Мохито» демалыс базасында екі қабатты үйде тұрмыстық газ баллоны жарылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Төтенше жағдай 18:00-де болды. Бұл бір апта ішіндегі дәл осындай үшінші жағдай. Абырой болғанда, өрт болған жоқ. Жарылыстың күші терезелерді сындырып жіберді.

Қостанай облысы ТЖД мәліметінше, оқиға салдарынан 1988 жылы туған ер адам денесінің 28% термиялық күйік шалды. Ол ауруханаға түсті.

Әлеуметтік желі қолданушылары оқиға орнынан бейне жариялады. Ғимараттың жанында ТЖД арнайы техникасы мен жедел жәрдем көліктері жұмыс істеді.