Қостанайда ірі өрт шығып 2 адам қауіпті аймақта қалып қойған

0
732

Қазіргі уақытта өрт орнында жеке құрамның 40 адамы мен 12 техникасы жұмыс істеуде.


Қостанайда ірі өрт шығып 2 адам қауіпті аймақта қалып қойған

ERNUR.KZ. Сенбі, 3 қыркүйек күні Қостанайдағы “Оружейная палата” дүкенінде өрт болып жатыр деген хабарламалар тарады, деп жазады Stan.kz.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қостанайдағы өрт кезінде екі адам жертөледе қамалып қалған.

Дәл осы ғимартта спорт залдың орналасқаны айтылады. Сондай-ақ өрт кезінде екі адам жертөледе қамалып қалған.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, өрт қазірдің өзінде жақын маңдағы көлік жөндеу орталығы, асхана мен 8 жеке тұрғын үйдің шатырын жалмаған.
Наша газетаның жазуынша, қару-жарақ дүкенінің иесі өртеніп жатқан ғимараттың жертөлесінде 2 адам болғанын хабарлаған. Оқ-дәрілердің жарылуынан өрт сөндірушілер жақындай алмайтыны айтылады.
Қазіргі уақытта өрт орнында жеке құрамның 40 адамы мен 12 техникасы жұмыс істеуде.