Қостанайда қаңтар оқиғасына қатысқандар сот залынан босатылды

0
488

Қостанайдың №2 сотында қаңтар оқиғасына қатысты үкім жарияланды.


Қостанайда қаңтар оқиғасына қатысқандар сот залынан босатылды

ERNUR.KZ. Рұқсат етілмеген митингіге қатысқан төрт азамат – Әмірбек Әнуханов, Ерназар Рамазан, Дамир Абулов және Андрей Бурдюк сот алдында жауап берді, деп жазады sputnik.kz.

Оларға 5 қаңтарда Қостанайда жаппай тәртіпсіздікке ұласқан рұқсат етілмеген митингіге қатысты, сондай-ақ билік өкіліне күш қолданды деген айып тағылған. Сот процесі кезінде екінші айып алынып тасталды.
19 шілдеде сот залында қорғаушы мен айыптаушы тараптар арасында процестік келісімге қол қойылды. Бұл келісім талабы бойынша сотталушылар өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісі үшін көпшілік алдында кешірім сұрады. Сондай-ақ, жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтейді.
Прокурор тараптар пікірталасы кезінде жеңілдететін мән-жайларды алға тартты. Мысалы, бүгінде сотталушылар 399 375 теңге көлеміндегі барлық шығынды өтеді. Оның ішінде, 277 375 теңге – "Қазпоштаға", 36 мың теңге – Қостанай облысының полиция департаментіне және 86 мың теңге – Қостанай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қазынасына бөлінді.
Мемлекеттік айыптаушы Әмірбек Әнуханов пен Ерназар Рамазанды шартты түрде 4 жылға соттауды талап етті. Кінәсін мойындауы және шығынды өтеуі жауапкершілікті жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілді. Ал жауапкершілікті ауырлататын факті ретінде адамдар тобының алдын ала сөз байласу бойынша, сондай-ақ төтенше жағдай кезінде қылмыс жасағаны анықталды.
Дамир Әбулов пен Андрей Бурдюкқа қатысты прокурор 3 жылға пробациялық бақылауды сұрады. Жауапкершілікті жеңілдететін жағдай ретінде Абуловтың кәмелет жасына толмаған балаларының болуы қарастырылды. Екі тарап та, сондай-ақ қоғамдық қорғаушылар да келісіп, процестік келісімге қол қойды. 20 шілдеде сот үкімі шықты.
Сот Анұрханов, Рамазан және Абулов пен Бурдюкке қатысты Қылмыстық кодекстің 271-бабының 2-бөлігі бойынша Анурханов пен Рамазанды әрқайсысын 4 жылға, Абулов пен Бурдюкты әрқайсысын 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Қылмыстық кодекстің 63-бабының негізінде тағайындалған жаза сотталғандарға мынадай міндеттер жүктелуімен шартты болып саналады: құзырлы мемлекеттік органдарды ескертпестен тұрақты тұрғылықты мекенжайын, жұмысын, оқуын өзгертпеу. Қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы ешқайда кетпеу туралы қолхатпен өзгертілді.
Сотталғандар түнгі уақытта үйлерінен шықпауға, құзырлы мемлекеттік органдарға хабарламастан басқа аумақтарға кетпеуге тиіс. Анурханов, Рамазан, Абдулов және Бурдюк сот залында босатылды.