Оқыс оқиға Қостанай облысы Қарабалық кентінде болған, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Абырой болғанда дер кезінде жеткен ТЖМ қызметкерлері екі адамды құтқарып қалды, деп жазады kaz.inform.kz.
“ Қостанай облысы Қарабалық кентінде екі ер адам кәріз жүйесін тазалау кезінде септикке түсіп, улы газдардың әсерінен өздерін нашар сезінген. Оқиға орнына дереу құтқарушылар жіберілді. Жағдай шұғыл және үйлестірілген іс-қимылдарды талап етті. Құтқарушылар баспалдақты пайдалана отырып, жұмысшыларды құдықтан шығарды. Олар медициналық қызметкерлеріне тапсырылды “, — делінген хабарламада.